Иесін тапқан медалдар. Бүгін екінші дүниежүзік соғыста қаза тапқан 11 жауынгерге арналған «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Айбын» төсбелгілері олардың ұрпақтарына табысталды. Майдангерлердің есімдері мұрағат және далалық іздеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Арасында Қазақстанда туып-өсіп, Отан қорғауға аттанған армян және грузин ұлтының өкілдері де бар. Олардың наградалары екі мемлекет елшіліктерінің қызметкерлеріне табысталды. Ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлер мен командирлерге арналған медаль осымен үшінші рет табысталып отыр. Ел қорғаған аталарының есімдерін естіген жандар бұл құрметке алғыстарын білдірді.
Ғазизбек Тұрмағамбетов, Ақтөбе облысының тұрғыны:
- 1943 жылы 26 қаңтарда Курск облысы, Воловское ауданы, Дробишево селосында қайтыс болған. Сол атама ерен ерлігі үшін медалін беріп жатыр. Бұған дейін білген жоқпыз. Бұл тың ақпарат.