Алматыда Бейсен Құранбекті еске алу турнирі өтті

  • 41
  • 23.06.2025, 18:52

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Бейсен Құранбек атындағы кітапханашылар мен журналистер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Турнир бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған. Телеарна, газет, сайт және радио тілшілері мен кітапхана қызметкерлері бақ сынады. 16 адам жеребе арқылы қарсыластарын анықтап, жекелей сынға түсті. Бас бәйгені кітапхана қызметкері алса, екінші, үшінші орынды журналистер иеленді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлық пен диплом табысталды. Көзі қарақты көрермен Бейсен Құранбекті білікті журналист, мықты медиаменеджер ғана емес, елін сүйген ардақты азамат деп біледі. 49 жасында бақилық болған журналист бірқатар телеарнада және Президент телерадиокешенінде қызмет еткен еді. 

Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы, ҚР Ұлттық кітапханасы көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі:

-Журналистер мен кітапханашылар арасындағы ынтымақтастықты, достық орнату мақсатында осындай үстел теннисінен турнир өткізуді қолға алдық. Бұл алдағы келесі жылдағы біздің іс-шарамызға арналған біздің ынтымақтастығымызды және алда келе жатқан жоспарларымызға бір тығыз байланысымызды күшейте түседі деген негізгі ойда.