Биыл Заң мен тәртіп бағытында 50 мыңға жуық қылмыс тіркелді

  • 37
  • 23.06.2025, 18:31

Бүгін Қазақстан Полициясының күні. 1992 жылы 23 маусымда «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған соң тәуелсіз Қазақстанның полициясы құрылды. Ал 2007 жылдан бері 23 маусым Қазақстан Полициясының күні ретінде аталып өтіледі. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ден астам тәртіп сақшысы қызмет барысында көз жұмып, 5 мыңдайы жараланды. Биыл жыл басынан бері Заң мен тәртіп бағытында 50 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Ол былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3107 қылмысқа аз. Цифрлық қауіпсіздік бағытында 1,6 млрд теңгеден астам қаражаттың белігісіз шоттарға аударылуына жол берілмеді. 67 млн халықаралық қоңырауға бұғат қойылды. Есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында 4 тонна есірткілік зат, 15 тонна прекурсор тәркіленді. Есірткі жасайтын 95 зертхананың жұмысы тоқтатылып, 18 қылмыстық топ жойылды. Есірткі жарнамалаған 14 мың сайт пен 15 мың банктік карта бұғатталды.