Шымкентте «Химфарм» зауыты кеңейтіледі

  • 39
  • 23.06.2025, 18:55

Жаңа өндірістік ғимараттар мен зертхана алаңдары салынады. Жобаны іске асыру барысын Үкімет басшысы Олжас Бектенов Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесуінде талқылады. Кәсіпорынға 60 млн доллардан астам инвестиция салынады. 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірісті дамыту үшін туберкулез, созылмалы вирусты С гепатиті және бауыр циррозы, қатерлі ісік пен қант диабеті сияқты аурулар таңдалды. Ежи Старак Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, жаңа өндіріс заманауи техникамен жабдықталатынын және халықаралық стандарт толық сақталатынын мәлімдеді.