Ұлттық техникалық реттеу жүйесіндегі пайдаланушылар саны 150 мыңнан асты. Олардың арасында мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ішкі және сыртқы нарық талаптарына сәйкес өнім шығаруға талпынып жүрген бизнес өкілдері де бар. Қазір тауарларды цифрлық техникалық реттеу және таңбалау жұмыстары қарқын алды. Еліміз бойынша әзірге үш тауар түрі таңбаланады. Бұл бағыттағы көрсеткіш көрші елдерде жоғары. Сондықтан қазір тиісті құжаттар цифрландырылып жатыр.
Әсет Өтеғалиев, ҚР СИМ Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті директорының орынбасары:
-Қазіргі таңда жаңа тауар топтарына да пилоттық жобалар жүруде. Ол биологиялық активті қоспаларға, сыра өнімдеріне, мотор майларына, зергерлік бұйымдарға, тұрмыстық химияға. Бірақ ол таңбалауды енгізер кезде біріншіден ұмытпау керек, бизнесті ойлау керек. Бизнеске алдын ала дайындалу керек.