Ақмола облысында «Заң мен тәртіп» апталығы аясында «көшпелі қабылдау» акциясы басталды. Басты мақсат – азаматтармен кері байланысты нығайту. Алғашқы болып жергілікті билік өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері мен прокурорлар Зеренді ауданының тұрғандарын жеке мәселесімен қабылдады. Бір күннің ішінде 40-қа жуық адамның өтініші тыңдалды. Басым көпшілігі әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және жер қатынастарына қатысты мәселелер. Алдағы уақытта «көшпелі қабылдау» акциясын ауылдарда ұйымдастыру көзделіп отыр.
Нұрбол Ешімбаев, Зеренді ауданы прокурорының орынбасары:
-Мобильді көшпелі түрде өткізудің мақсаты – азаматтардың жеке қабылдауға мүмкіндігін арттыру. Неге десеңіздер, мұндай көшпелі топтарды барлық құқық қорғау және жергілікті органдардың қызметкерлері қатысады. Кез келген азамат өзінің көкейкесті сұрағы бойынша жүгіне алады.