Астанада Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы ашылды

  • 50
  • 24.06.2025, 18:32

Астанада Ішкі істер министрлігіне қарасты Басқару академиясы ашылды. Президент тапсырмасымен құрылған мекеменің «Заң және тәртіп» апталығындағы ашылу салтанатына Премьер-министр Олжас Бектенов қатысты. 

Бұл оқу орны басқару құзыреттілігін дамытуға әрі заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектінің көмегіне жүгіну және патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасын қолдану үйретіледі. Үкімет басшысы академия жұмысымен танысып, «Заң және тәртіп» қағидатының іске асуына жағдай жасау керектігін айтты.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі: 

- Мемлекет басшсысы кеше өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң үстемдігін түбегейлі орнықтыру керегін атап, елде Заң және тәртіп апталығын жариялады. Осы орайда Академияның ашылуы ерекше маңызға ие. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу.