Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен мүгедектігі бар 300 балаға арналған балабақша салынып жатыр. Жоба құны 8 млрд теңгеге жуықтайды. Ғимарат гүл бейнесіне ұқсайтын бір-біріне жапсарлас 6 нысаннан тұрады. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмен, есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар қабылданады. Балабақша келер жылы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, өңірде қайтарылған активтер есебінен 11 медициналық пункт пен амбулатория салынып жатыр. Сондай-ақ екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аслан Жарасбаев, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Қобда ауылындағы мектеп интернатына және Ырғыз ауылындағы Қалабай ауылындағы мектепке қаражаттар сұраттық. Оқу-ағарту министрлігінен қолдау бар. Енді қаржыны күтудеміз. Егер қаржы келетін болса, олардың да құрылысы биыл басталып, келер жылы аяқталады.
Ал Жетісу облысында активтерді қайтару есебінен 22 әлеуметтік нысан салынуда. Құрылыс жұмыстары Қаратал ауданында да жүргізіліп жатыр. Дойыншы елді мекеніндегі медициналық пункт күзде пайдалануға беріледі. Сол кезде бас ауырып, балтыры сыздағандар 180 шақырым жердегі Үштөбе қаласына сабылмайтын болады. Ұмтыл ауылының тұрғындары бірер айда таза су тұтына бастайды. Мұнда орталық ауызсу жүйесі бұрын болмаған.
Саятхан Нөкебаев, мердігер:
- Қазіргі таңда 60-70 пайыз жұмыс орындалды. Материал бойынша 80 пайыз сатып алынды. Келісімшарт бойынша қазанның онына дейін бітіру керек болған. Біз оған жеткізбей, 1,-1,5 ай ішінде бітіріп кетеміз.
Мәулен Шоқпарбаев, Ұмтыл ауылының тұрғыны:
- Енді ауылымызға су келіп жатыр. Халық риза. Бірінші рет қой су келгені. Бұған дейін болған жоқ.