Жетісу облысында интернет алаяқтық саны артып келеді

  • 26
  • 25.06.2025, 18:35

Өткен жылдың осы кезеңінде 170 оқиға тіркелсе, биыл 220-ға жетіп отыр.

Қылмыстың алдын-алу мақсатында аймақ прокурорлары мен Қаржы маниторингтік агенттігінің қызметкерлері Талдықорғанда бірлескен форум өткізді. Басқосуда көпшілікке алаяқтықтың белгілері түсіндіріліп, одан сақтану жолдары айтылды. Сонымен қатар қаржылық ұйымдар туралы мәлімет беретін «Байқа пирамида» телеграм каналы мен цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған «Кибер волонтёр» жобасы таныстырылды. Оңай олжа табам, - деп опық жегендер жайлы сахналық көрініс көрсетілді. Жастар арасында ойын ойнатылып үздіктері марапатталды. 

Нұртуған Тұрғанбек, студент:

- Бүгінгі форум мен үшін пайдалы болды. Алаяқтарға алданбау, бейтаныс нөмірлер хабарласқанда жауап бермеу, СМС сұрағанда СМС-ті жібермеу. Сондықтан осы форумда пайдалы білім алдым.

Адай Құтымов, Жетісу облыстық прокуратурасының бірінші басқарма бастығының орынбасары: 

- «Кибер волонтер» жобасын іске асырудамыз. Бұның басты мақсаты – жастарды арнайы курстардан өткізіп, қылмыстардың жасалу жолын түсіндіру үшін үлкен ұжымдарға жібереміз. Одан кейін егде адамдармен кездесу өткіземіз. Өйткені қылмыстардың анализі бойынша біздің  жәбірленуші ретінде көбіне егде адамдар өтеді.