Жаз қызған шақ! Қазақстандықтар демалысқа аттанады, үйін жөндеп, саяжайын абаттандырады. Ал бұған Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі көмектеседі. Kaspi Жұма бұл жолы да күткеннен асып түсті.
Kaspi сүйікті клиенттерін таң қалдыруын тоқтатпайды. Әр Kaspi Жұма жаңа мүмкіндіктермен қуантады. Бұл жолы серіктестерге 70%-ға дейін жеңілдіктер мен ұлғайтылған бонустар ұсынылды. Сондай-ақ алғаш рет Қазақстандағы демалыс орындарына жолдамаларды тиімді сатып алу мүмкіндігі пайда болды.
Абзал Қасанаев, Oi-Qaragai компаниясының бөлім басшысы:
- Біздің курортқа 14 жыл толды. Осы уақыт ішінде біз жыл бойы, яғни 4 мезгіл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп келеміз. Курортымыз барлық қонақтарға әрдайым есігі ашық. Тек қана Қазақстан ғана емес, басқа да елдерден туристерді қабылдаймыз. Kaspi.kz-пен 1 мамырдан бастап жұмыс істеп келе жатырмыз. Сол уақыттан бері әлдеқайда сату көрсеткіштеріміз өсті. Қонақтарымыз демалып, тамсанып, табиғатты көріп кетіп жатыр. Барлық қазақстандықтарды осылай тиімді, қолайлы демалуға шақырамыз.
Әр Kaspi Жұма сайын отандық өндірушілердің қатары да артып келеді.
Зере Сүлейменова, AutoMax компаниясының негізін қалаушы:
- Біз қазіргі уақытта поликтер, чехолдар, автомобильге арналған органайзерлер мен түрлі ұсақ-түйек аксессуарларды өндірумен айналысамыз. Қазіргі таңда тауар түрлерінің саны 50-ге жуық. Барлық өнімдерді өзіміз өндіреміз — бұл толықтай өзіміздің өндірісіміз. Біз ашылған сәттен бастап Kaspi-платформасымен серіктестік орнаттық. Kaspi бізге үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Әсіресе Kaspi Жұма басталысымен, біз үнемі қатысуға тырысамыз. Бүгінге дейін 15-ке жуық Kaspi Жұма акциясына қатыстық. Бұл күндері біздің сату және өндіріс көлемі 2-3 есеге дейін артады. Біз осы мүмкіндіктер үшін Kaspi-ге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Осы үш күнде ірі сауда орталықтарында сатып алушылар көбейді.
Эльдана Кугамова, «Limpopo» дүкенінің қызметкері:
- Kaspi Жұмада 20 процентке көп адамдар келеді. Бізде дайындық адамдар жағынан, тауарлар жағынан да болады. Қазір жаз айы басталғандықтан жүзуге арналған заттар, велосипедтер көп кетеді.
Елдің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Мақсат – әрбір сатып алушыны қуанту.
Бауыржан Жылкелдиев, сатып алушы:
- Мен енді бұйырса, үй салып жатырмын. Сол сәті түсіп, Kaspi Жұма болғанан кейін заттарды келіп алып жатырмыз. Қуанып жатырмыз міне, Каспи Жұмаға сәті түсіп, бюджетпен болса да өзіміздің қалтамызда қалады.
Қазір көпшілік тауарды жеткізу арқылы сатып алғанды жөн көреді.
Ардақ Дүйсенұлы, сатып алушы:
- Осы күнде міне, Kaspi Жұма кеп қалды да, сол сәтті пайдаланып, біз Kaspi Жұмаға осы матрасты алдық. Қолжетімді, тиімді, бағасы да қымбат емес — қырық мың теңге. Бұдан басқа да телефон, басқа да ұсақ-түйек заттар алып, сонымен пайдаланып, жеке рақметімді айтамын.
Қазақстандықтардың көпшілігі бүкіл ел аумағында, тіпті шағын елді мекендерде де орнатылған Kaspi постоматқа жеткізуге тапсырыс береді.
Тазагүл Мауяева, Алматы облысы Талдыбұлақ ауылының тұрғыны:
- Мысалы, бұрын біз қалаға барып алушы едік. Саяхатқа барып. Талғарға барып алушы едік. Ал мына жерде жақын, ыңғайлы бізге осы жер. Kaspi постоматтан өзіме керек зат алдым. Тапсырысым бір күн ерте келді маған. Негізі ертең келуі керек болатын. Бір күн ерте әкеп берді.
Әрбір Kaspi Жұмада 1 миллионнан астам тапсырыс орындалады. Сондықтан логистикалық компаниялар жаңа қоймалар салып, заманауи автоматты жүйелер енгізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Kaspi Жұма – бұл ел ішінде ерекше ықыласқа бөленген құбылыс. Ол –адамдарға тиімді сауда жасауға, бизнесте өсуге және дамуға көмектесетін мерекеге бергісіз мүмкіндік.