Қостанай қалалық нөмірі 2-ші сотының судьясы Анара Шаймұрынова еліміздегі сот жүйесінің үздігі деп танылды. Талай қылмыстық істердің түйінін шешіп, әділ билігін айта білгені үшін ол әріптестері арасында абырой-беделге ие. Анара Қуанышқызы сот қызметімен қатар, ғылыми-ағартушылық жұмыспен де айналысады.
Судья Анара Шаймұрынова жылына шамамен 50-ге жуық күрделі қылмыстық істерді зерттеп, зерделіп, соңынан үкім шығарады. Әлбетте оның шешімі бәріне бірдей жақпайтыны рас. Адам тағдыры таразыға түскен сәтте ақырғы үкім айту оңай емес. Бұл тұста Анара Қуанышқызы үшін ең бастысы заң үстемдігі маңызды.
Анара Шаймұрынова, Қостанай қалалық №2 сотының судьясы:
-Екі-үш ай сол ойдың жетігінде жүресің. Берген жауаптарын саралайсың. Айғақтарды салыстырып, зерделейсің. Бұрыс, дұрыстығын салмақтайсың. Судья жалғыз шешім шығарады. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді. Ол үкімнің әділ екендігіне көз жеткізуі керек.
«Анара Қуанышқызын әріптестері былайша байсалды, байыпты»,– дейді. Ал енді жұмысқа келгенде қатаң, талапшыл деп отыр.
Жанар Жүнісбекова, Қостанай қалалық №2 сотының хатшысы:
-Тәртіпті жақсы көреді. Бәрі өз орынында тұруы керек. Әр істің ақ-қарасына көз жеткізбей, тыншымайды.
Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Анар Қуанышқызы сот қызметінен бөлек, ғылыми-ағартушылық жұмыспен де айналысады. Қылмыстық құқық жөніндегі 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Сол терең білім, тәжірибесімен тұрақты түрде студенттерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бөлісіп отырады. Бірнеше рет тәжірибе түрінде ашық сот процестерін де өткізді.
Жасұлан Қабыш, Қостанай қалалық №2 сот төрағасы:
-Жақсы судьяны оның мұқияттылығы, тараптарды тыңдап, түсіне білуі, қиын сәтте адами қарым-қатынасты сақтап, ұстамдылық таныта білуі айшықтап тұрады. Міне осы қасиеттер Анар Қуанышқызының бойында жинақталған. Ол теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып отырған санаулы судьялардың бірі.
Бірер күн бұрын ғана «сот жүйесінің үздігі» медалін кеудесіне таққан Анара Шаймұрынова ендігі кезекте құқық қорғау саласындағы мәселелерді көтеріп, кітап жазуды жоспарлап отыр.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров