Жамбыл облысында жыл басынан бері 300-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды. Тұрмыстық қалдықтардың жиналған орындары ғарыштық мониторинг арқылы анықталған. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 100-ден астам адам қатысты. Ғасырлық тарихы бар «Мамыр» тоғайында облыстық прокуратура мен түрлі басқарма өкілдері бірігіп, арамшөптерді, қураған ағаштарды және жиналған қоқысты тазартты. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 6 мың тоннадан астам қалдық жиналып, арнайы полигондарға шығарылған.