20-28 тамыз аралығында ұйымдастырылатын сайысқа 14 елдің спортшысы қатысады. Бұл туралы Қазақстан бочча федерациясының вице-президенті Назым Жанғазинова хабарлады. Оның сөзінше, турнир бағдарламасы жеке, жұптық және командалық сайыстардан тұрады. Ел намысын 10 спортшы қорғайды. Айта кетейік, турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу мәртебесіне ие. Ең көп ұпай жинаған спортшылар келесі кезеңге жолдама алады.
Назым Жанғазинова, Қазақстан бочча федерациясының вице-президенті:
- Негізі бұл жарыстың біздің елімізде, елордада өтуінің маңызы өте зор. Бұл біздің жалпы Қазақстанның халықаралық жарыстарды өткізе алатынын, халықаралық қонақтарды және халықаралық спортсмендермен, оның ішінде нақты айтқандағы инклюзиядағы спортты дамытып, ұйымдастыра алатынын көрсететін мықты көрсеткіш деп айтсақ болады.