Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс кезінде Таяу Шығыста қалған қазақстандық туристердің дені елге оралды.
Жолаушы тасымалдау саласындағы ұлттық оператор бұл бағытқа қосымша әуе рейстерін іске қосты. Соның бірін Алматы әуежайы қабылдайды.
Бұл азаматтар негізінен елге маусымның 23-і мен 24-і күні оралуы қажет еді. Алайда тасымалдаушы тарап әскери іс-қимылдарға байланысты шығанақ жеріне қатынайтын рейстерін толық тоқтатқан болатын. Сөйтіп 300-ге тарта қазақстандық жолаушының жат елде бірер күн аялдай тұруына тура келді. Оларға ұшақ жолақысы қайтарылмады. Сәйкесінше көбі өзге бағытта билет рәсімдей алмай, шарасыз күй кешті.Ахуалға консулдық пен туристік компания өкілдері араласып, қонақүй және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етті.