Елімізде сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жалғасуда. Тек биылғы жылдың алты айында мұндай құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткен 41 адамға 19 миллион теңгеден астам сыйақы берілген. Олардың арасында 20-ға жуық мемлекеттік қызметші грамоталарға ие болды. Азаматтық белсенділік танытқан адамдар негізінен Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында тіркелген. Оларды агенттіктің өңірдегі департаменттері қолдады.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді және олар мемлекеттік қорғауда болады.
Қала тұрғыны:
- Мен мемлекеттік қызметкермін. Мемлекеттік қызметті көрстеу кезінде каспи шотыма белгілі бір көлемде сыйақы ретінде ақша аударылды.Сол сәтте тікелей басшыма хабарлап, қызметтік жазба жазылды. Сонымен қатар 1414-ке хабарласып, болған жайтты толығымен айтып, өзімнің арызымды қалдырдым. Аталған факті 2023 жылдың ақпан айында басталды. Тергеп-тексеру сол жылдың қарашасына дейін орын алды. Нәтижесінде заң бұзушы жауапкершілікке тартылды.