Мамандар биыл 1 миллион 200 мыңнан астам адам келеді деп болжап отыр. Туристерді аймақтағы 400-ге жуық демалыс орны қабылдайды. Әсіресе Бурабай мен Зерендіге сұраныс жоғары.
Бұл Зерендідегі туристер ең көп келетін демалыс орындарының бірі. Олар бір мезгілде 200-ге жуық адамға дейін қабылдай алады. Туристерге ыңғайлы әрі көрікті жерде орналасқандықтан сұраныс жоғары. Қазір мұнда 100-ден астам адам демалып жатыр. Демалушылардың дені өзге өңірлерден.
Ақтұрсын Бақытжанова, турист:
- Өзім Орал қаласынанмын. Демалыс орны өте керемет. Барлығы жоғары сапада. Табиғатына келетін болсақ, әрине, бұл Қазақстанның Шведцариясы ғой. Сондықтан барлық жағдайлар жасалған.
Индира Мұхтар, турист:
- Табиғаты өте керемет. Жасыл ну орман. Бірінші ауасын айтайыншы. Ауасы өте керемет. Біздің Атырау қаласында ондай емес. Сондықтан ауасына қызығып келдім. Мына көлдің өзі қандай керемет. Барлығы ұнап жатыр.
Туристер үшін мұнда арнайы демалыс бағдарламасы әзірленеді. Бірі ну орман ішінде серуендеп сергісе, енді бірі бассейнде шомылып жүр.
Риза Жаналинова, Aurora Garden демалыс орнының әкімшісі:
- Бізде туристер үшін бәрі қарастырылған. Ол жағажай, аспан астындағы ашық бассейін, монша, табиғат аясында ас дайындауға да болады. Сонымен қатар балалар мен ересектерге арналған қауіпсіз әрі қызықты жіп саябағы бар. Мұнда демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Жалпы соңғы 25 жылда аймақтағы демалыс орындарының саны шамамен 10 есеге көбейді. Олардың басым бөлігі Бурабай мен Зеренді де орналасқан. Былтыр аймақтағы туризм саласын дамытуға 29 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Нәтижесінде жаңа демалыс орындары пайда болып, инфрақұрылым айтарлықтай жаңарды.
Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко