Көлсайға келетін туристер саны екі есе өсті

  • 35
  • 27.06.2025, 18:35

Алматы облысының інжу-маржанына баланған Көлсайдай көрікті мекенге келушілер санының жылдан жылға ұлғая түскені байқалады. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне маусым айының өзінде 200 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Мәселен, былтыр бүкіл жазғы маусымда паркке 400 мыңға жуық турист ат басын тіреген еді. Инфрақұрылымды жаңарту және демалушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында биыл 68 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға жаңа пирс салынып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жөнделді. Сондай-ақ бағыт-бағдар көрсететін ақпараттық тақталар орнатылды.

Хамит Ахметов, «Көлсай көлдері» МҰТП директорының орынбасары: 

- Негізінен туристердің ішінен Индия елінен, сонымен қатар Қытай елінен көптеген туристер келіп жатыр. Рекреациялық жүктемеге сәйкес осы жағажайды абаттандыратын болсақ, осы инфрақұрылымды дамытсақ, онда Көлсай, Қайыңды жылына 600-700 мың туристті қабылдай алады деп ойлаймыз.