Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Палата Спикері Мәулен Әшімбаев медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүлделерін салтанатты түрде тапсырды. «Үздік телевизиялық материал» номинациясында «24KZ» телеарнасы Ботагөз Базарбаева жеңімпаз атанды.
Айта кеткен жөн, биыл «Парасат» байқауына 100-ден астам жұмыс келіп түсті. Авторлардың қатарында телеарналардың, баспасөздің, ақпарат порталдарының және өзге де отандық медианың журналистері бар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Әлеуметтік салада да біраз өзгерістер болып жатыр. Кешенді, жүйелі, жан-жақты реформалар жүзеге асырылып жатқан кезде БАҚ тарапынан қолдау, сүйемелдеу өте маңызды деп қабылдаймыз. Осы жұмыстарды жүйелі іске асыруға өздеріңіз көмектесіп келе жатсыздар.