Қазақстанда заңсыз гидтер мен тіркелмеген шетелдік туроператорлар көбейіп кетті. «Осының кесірінен отандық гидтер жұмыссыз қалды», - дейді мамандар.
Былтыр елімізге 15 млн-нан астам турист келген. Соның 106 мыңы заң талаптарын бұзған. Осындай олқылықтардың салдарынан ел бюджеті 1 млрд теңгеден астам қаражат жоғалтқан. Отандық гид мамандары заңға түзетулер енгізіп, гидтер мен турполицияның жұмысын бір жүйеге келтіруді ұсынды
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз жуырда депутаттық сауал жолдадық. Біздің депутаттық сауалымызда осы мәселелерге қарай бірнеше ұсыныстар бар. Бұл біріншіден, гидтердің, экскурсовордтардың жұмыстарын реттеу, сертификаттау. Бұлардың барлығында сертификат болу керек. Оның барлығы кәдімгідей заң жүзінде тексеріліп тұру керек.