Елде жасөспірімдерге арналған ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды

  • 28
  • 30.06.2025, 18:59

Биыл алғаш рет елде жасөспірімдерге арналған ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Басты ерекшелік: спорт, шығармашылық және білім беру бағыттары бойынша ата-ана баланың сапалы білім алуы үшін маман мен үйірме уақытын ауыстыра алады. Қайта кезекке тұрудың да қажеті жоқ. Жобаға 240 мыңнан астам бала қатысқан. 7 мыңнан астам спорт секциясына жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Әзірге пилоттық жоба Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылып жатыр.

Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі :

-Кезектіліктің ашық болмауы, өтінімдердің қайталануы, ұйымдарда тізімдердің шектеулі болуы, кейбір жерлерде көрсетілетін қызметтер сапасы бақылауының болмауы сияқты мәселеге ата-аналардан жиі шағымдар келіп түсуде. Маусым айынан бастап дайындық жұмыстары басталды.