Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынады

  • 48
  • 01.07.2025, 18:32

Қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынады.

Үкімет жобаны қаржыландыруға арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге бөлді. Бүгінде кейбір нысандардың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Олардың қатарында фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бар.

Бұл жобалар шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттырмақ. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ел бойынша 655 нысан салу жоспарланса, қазір соның 480-і пайдалануға берілген.

Меруерт Ыдырысова, Құрылыс ауылының тұрғыны:

- Мен мынаны салып жатқаннан бастап келіп, бақылап жүрдім. Маған өте ұнады. Әйелдерге де, балаларға да кабинеттер ашып жатыр екен. Өте қолайлы. Қалаға бармаймыз енді.