Қызылордалық прокурорлар цифрлық технологияларды қолдана бастады

  • 73
  • 02.07.2025, 18:46

Қызылордалық прокурорлар жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін цифрлық технологияларды қолдана бастады. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жасанды интеллект негізіндегі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жаңа жүйе балалардың құқын қорғауға бағытталған. Бала өміріне қатер төнсе, ұялы телефон арқылы прокуратураға хабарлай алады. Ол үшін Telegram мессенджінде арнайы чат-бот іске қосылды. «Urpaq» деп аталатын бағдарлама Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған. «Бұл жүйе ақпаратты фото, аудио, видео және құжат түрінде қабылдай алады», дейді мамандар. Прокурорлар жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға да басымдық беріп отыр. Лудомания, нашақорлық пен буллингке қарсы тұру үшін «Adal Bala» жобасы әзірленіп жатыр. 

Ризабек Ожаров, Қызылорда облысының прокуроры:

- «Адал баланың» негізгі мақсаты профилактикалық шаралар қолдану, жастардың арасында қосымша арқылы түсіндіреміз. Егер буллинг фактілер орын алып жатса, қандай оның әрекеттері болу керек, тәрбие сұрақтарын кеңірек түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.