Елордада алғаш рет Беларусь фестивалі өтті

  • 70
  • 02.07.2025, 18:40

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай елордада алғаш рет Беларусь фестивалі өтті. Іс-шараға 100-ге жуық қала тұрғыны, қоғам белсенділері мен сарапшылар қатысты. Олар Беларусь елінің ұлттық тағамынан дәм татып, екі елдің қолөнершілерінің бұйымдарымен танысып, жастардың өнерін тамашалады. Екі ел арасындағы тауар айналымы бүгінде жылына миллиард доллардан асады. Сауда-экономиалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артып келеді.  

Алексей Богданов, Беларусьтің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі :

-Бұл елде өте жақсы, мейірімді және жанашыр адамдар тұрады. Беларусь пен қазақ мәдениеті ұқсас, олар ашық, бейбітшілік пен дамуға бағытталған. Қазақстан асханасы да өте дәмді, әсіресе жылқы еті экологиялық таза әрі жеңіл сіңеді.