Заңсыз иемделген қаржы енді су инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады. Соның бірі Солтүстік Қазақстанда жүзеге аспақ. Үкімет ол үшін арнаулы мемлекеттік қордан 45 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Оған өңірді сумен жабдықтау бағытында 48 жоба жоспарланған. Атап айтсақ, Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау және Шал ақын аудандарында Көкшетау топтық су құбырына қосылатын жаңа су құбырлары мен су тарту тармақтарын салу көзделген. Бұл жұмыс іске асса, аймақты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100% жетеді.