Такси жүргізушілері автобус жолағымен кедергісіз қатынағысы келеді. bus line-мен жүруі үшін оларға тым көп талап қойылады. Дабыл қаққан бір топ азамат Астанада Кәсіпкерлер палатасына жиналды. Бүгінде такси парктеріне ресми тіркелген автомобильдер ғана арнайы жолақтармен қатынай алады. Ол үшін кәсіп иелері ақы төлеп отыр. Автобус жолағымен жүру барлық жүргізуші үшін тең, заңды әрі ашық болу керек екенін жеткізді. Ал Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені шешу үшін Көлік басқармасына кеңес өткізуді ұсынды.
Ерлан Шаяхметов, компания басшысы:
-Олар қалай, қайтіп рұқсат алып жүргені белгісіз? Әкімдікке жібереді бізді, ал ол жақта қаптаған талаптар. Бізде заң бар, онда бәрі анық жазылған. Енді бәрі шешімін табар деген үміттеміз.