Биыл Ақсу электр станциясында жетінші энергоблок қалпына келтіріліп жатыр. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында осы стратегиялық маңызы бар нысанға арнайы барып, энергетиктермен кездесті. Станцияның техникалық жаңғырту жоспарымен танысты. Қазір станция 2 мың 475 мегаватт тұрақты электр қуатын өндіріп отыр. Оның 90% ірі өндіріс ошақтарына жіберіледі. Ал жылу қуаттылығы 100 гигакалорияға тең. Бұл кәсіпорынның өз қажеттілігі мен Ақсу кентін жылумен қамтуға толық жеткілікті.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Осы Ақсу ГРЭС-тегі жұмыспен танысып, осы жердегі 7-ші блок мысалы, 7-ші энергоблокты ауыстырайын деп жатыр. Мені қуантқаны олар өз жауапкершіліктерінен бас тартпай, қайтадан табатын табысты инвестициялап, қазіргі кезде мына станцияны жаңғыртып отыр. Әрине мұндай жұмыстарға біз де қолдау көрсетуге даярмыз. Өз тарапымнан Парламент депутаты ретінде қандай қолдау көрсетуге болады, қазіргі кезде қандай қолдауға мүдделі екенін ақылдасып отырмыз. Данияр Шабанбаев, Ақсу электр станциясының директоры:
-Ақсу электр станциясында барлығы 8 энергоблок жұмыс істейді. Оның алтауы кешенді түрде қайта жаңғыртудан өтті. Қазір жетінші энергоблокты қалпына келтіріліп жатыр. Осының арқасында негізгі және қосалқы жабдықтар толық жаңартылады. Жоба жүзеге асқанда елге қосымша 325 мегаватт электр қуаты беріледі.