Елдің бірқатар өңірінде құрғақшылық күшейеді

  • 46
  • 03.07.2025, 18:44

Елімізде шіліңгір шілде басталды. «Қазгидромет» мамандары 4-5 шілдеде еліміздің орталығы мен шығысында аптап ыстық сақталатынын айтты. Шамамен бұл күндері күн райы 40-42 градусқа дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 35-40 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін. Шілде айында елдің бірқатар өңірінде құрғақшылық күшейеді. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында аптап ыстықтың салдарынан ылғал тапшы болмақ. Сол сияқты Қарағанды, Абай және Алматы облыстарының бірқатар аудандарында да құрғақшылық сезілуі ықтимал. 

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

-Алайда Солтүстік өңірлердің тұрғындарына босаңсымауы керек. Аптап ыстықты күрт суыту басады. 5 шілдеде солтүстік пен орталықта күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендейді.