Жұлдызы жарқыраған Астана. Дәл осы атаумен қала күні қарсаңында елорданың 22 кітапханасы бірігіп, кітап фестивалін өткізді. Оған 200-ге жуық қатысушы жиналды. Олар жазушылармен тікелей кездесіп, жаңа кітаптардың тұсаукесерін тамашалады. Әрі оқыған кітаптарын талқылап, қызу пікірталас жүргізді.
Гүлбадан Мәдібаева, Астана қаласындағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» басшысы:
- Ең бірінші мақсаты – балалардың, жасөспірімдердің бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, кітап оқу қабілетін ашу. Енді осы мереке барысында көптеген кездесулер өтеді. Кітап көрмесі өткізіліп жатыр.