Алдағы он жылда қосымша 26 ГВт астам энергия өндіруді көздейтін генерацияны дамыту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне қатысты кеңесте Энергетика министрі айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, негізгі энергетикалық жобаларды жүзеге асыру – экономика тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық міндет», - деді Премьер-министр. Жиында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауылдық жерлерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жайлы баяндады.
Шыны талшықты байланыс желілерін тарту жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін 3 мың 700-ден астам ауыл интернетке қосылады.