БҚО-да киік санын реттеу жұмыстары басталды

  • 37
  • 04.07.2025, 18:43

 Киік санын реттеу жұмыстары басталған 4 күнде Батыс Қазақстан облысында 90 бөкен атылған. Тасқала, Бәйтерек аудандарында 4 бригада құрамындағы 40 аңшы әзірге жабайы жануарлардың текелерін нысанаға алуда.

Орал өңірінде биыл 460 мың киік ауланады. Бұл сайын далаға сыймай жүрген сайғақтардың 13%-і ғана. Олардың етін өңдеуде жалпы қуаттылығы тәулігіне 1 900 бас киік соя алатын сыйымдылығы 440 тонна тоңазытқыш камерасымен жабдықталған 7 ет өңдеу кәсіпорнымен келісім бар. Оған қоса, таяу уақытта тәулігіне 1 950 бас киікті соятын төрт кәсіпорынның құрылысын бастау көзделген.

Қалияр Айтмұхамбетов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- 23 жылдың қателігін жібермеу, сапалы реттеу, тек санның артынан қумай, сапасын қадағалау. Жалпы бұл бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігімен бүкіл регламенттер, стандарттар белгіленді. Қазір ет консервілері мен ет өңдеу кәсіпорындарынан дүкендерге «төшке» шығарып сатуға қатысты барлық регламенттер бар. Енді сол талаптарды қатаң қадағалап, сапалы әрі дұрыс жұмыс істеуіміз қажет.