Ақмола облысының тұрғындары судан таршылық көрмейтін болды

  • 27
  • 07.07.2025, 18:39

Ақмола облысының тұрғындары судан таршылық көрмейтін болды. Үкімет  облыстың сумен жабдықтау жүйесін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлді. Бір ғана Зеренді ауданында жаңа су құбыры желілерін салуға және қолданыстағы су құбыры желілерін жаңғыртуға 6 млрд 564 млн теңге қарастырылған. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асып отыр. Ал, жалпы өңір бойынша сумен жабдықтау саласында 28 жоба игерілуде. Нысандарды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланып отыр.