Түркістан облысында 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді

  • 45
  • 07.07.2025, 18:38

Түркістан облысы Сауран ауданында 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді. Әрқайсысы 45 метр тереңдіктен секундына 60 литр жерасты суын береді. Бұл егіс алқабына қосымша су жіберу үшін қажет. Ал Ордабасы ауданындағы 44 тік дренажды ұңғыманың 17-сі жөнделді. Бұл қондырғылар сор шаю жұмыстары үшін де өте маңызды. Нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артып, өнімділік ұлғаяды. Тағы бір жаңалық – Астана су қоймасында алғаш рет ауқымды тазалау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Шардара су қоймасының түбін тазалау үшін арнайы құралдар сатып алу жоспарда.