Қазақстандық актёр халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды

  • 26
  • 07.07.2025, 18:49

Қытайда өткен кинофестивальде қазақстандық актёр Бахыт Қажыбаев жеңіске жетті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында ұйымдастырылған фестивальде Қазақстан, Қытай, Ресей, Белорус, Пәкістан елдерінің кинотехнология және өндіріс саласындағы жетістіктері ұсынылды. 50-ге тарта кинотуынды көрсетіліп, 10 номинация бойынша сынға түсті. «Үздік актер» атағы қазақстандық өнер иесіне бұйырды.