Коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды

  • 46
  • 08.07.2025, 18:31

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды. Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықтағы инфляцияның негізгі динамикасын баяндады.

Әлеуметтік маңызы бар көкөніс бағасы төмендеген. Үш апта қатарынан картоп бағасының арзандауы 1,3 процентті құраған. Өткен аптадан бері сәбіз 0,9 пайыз арзандаған. Күріш, қарақұмық, жұмыртқа, ұн мен макорон өнімдерінің де бағасы түсіп жатыр. Нан мен сүт бағасы тұрақты. Отандық азық-түлік өндірісі арта түскен. Қант қызылшасы 4,6 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін, өсімдік майы 316,3 мың тоннадан 376,8 мың тоннаға, өсімдік майы 13 мың тоннадан 15 мың тоннаға, ұн өндірісі 1 млн 300 мың тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін өскен.