Алматының Наурызбай ауданында ауызсу мәселесі шешіледі

  • 45
  • 08.07.2025, 18:33

Алматыдағы Наурызбай ауданынының бірнеше ықшамауданы мен облыс аумағындағы Жаңатұрмыс және Қырғауылды елді мекендерінің  ауызсу мәселесі биыл толықтай шешіледі. Тәулігіне 22 мың текше метр су өткізетін «Ақсай» су жинағыш стансасы қараша айында пайдалануға беріледі. 

Парламент депуттары құрылыс басына барып, жұмыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы 2022 жылы басталған. Бөлінген қаражат та қомақты – 29,7 миллиард. Бүгінде құрылыс жұмыстары 85 процентке біткен. Мұнда тау өзенінен келген су бірнеше тазарту кезеңінен өтеді. Нысан іске қосылса, 100 мың тұрғынды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осында екінші рет болып отырмыз. Алғаш келген кезде мына жақта тек қана қаңқасы ғана тұрған. Енді қазір бүкіл объектілердің негізі көтеріліп тұр. Ұйымдастыру жұмыстары, техникасы жасақталып біткеннен кейін айналаны көгалдандыру, асфальттау сияқты жұмыстарын бтіріп, объектіні «Алматы Су» кәсіпорынан тікелей тапсырып, қала тұрғындарының толық игілігіне жұмыс істейтін ұйымға айналатын болады.