Ерлан Қошанов: Көшбасшылыққа жұмысшы жастарды тарту маңызды

  • 21
  • 08.07.2025, 18:37

Дарынды көшбасшыларды жұмысшы жастар арасынан іздеу керек және оларға қызметте өсуіне қолдау көрсету маңызды.

Бұл туралы «Жастар Рухы» республикалық саяси лагерінің «Бір толқында» атты диалог алаңына қатысқан Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Шара Шығыс Қазақстан облысының Горная Ульбинка ауылында ұйымдастырылып, оған еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық делегат бас қосты.

«Жастар Рухы» – бүгінде 100 мыңға жуық жас азаматты біріктіріп отырған еліміздегі ең ірі ұйым. Ерлан Қошанов ұйым жұмысына бір кездері тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше серпін бергенін атап өтті. Әрі Президенттің бастамасымен биыл  Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын еске салды. Мәжіліс Спикері дарынды көшбасшыларды дәл осы жұмысшы жастардың арасынан іздеу, оларды партияның кадрлық резервіне қосу, мемлекеттік қызметте өсуіне көмектесу, депутаттық корпусқа және түрлі саладағы басшылық лауазымдарға ұсыну қажет екенін атап өтті.