Жетісу облысында қарақұрт қаптады. Улы өрмекшілер жер үйлердің ауласымен қатар көпқабатты ғимараттарға дейін кіріп кеткен. Аса қауіпті жәндік бүгінге дейін 21 адамды шаққан. Оның 7-еуі бала. Зардап шеккендердің басым бөлігі облыс орталығы Талдықорғанда тіркелді. Дәрігерлер «Қарақұрт уына қарсы препарат жеткілікті. Ең бастысы, дер кезінде ауруханаға көріну керек», - дейді.
Жалпы Талдықорғанда жасыл желек зиянкестерге қарсы ерте көктемде, жаз ортасында және күзге салым 3 мәрте өңдеуден өтеді. Қарақұрт қаптаған соң биыл жергілікті әкімдік жоспардан тыс қосымша дезинфекция жүргізуге шешім қабылдаған.
Алмас Барлыбеков, Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында конкурс шаралары өткізіліп, мердігер компания анықталды. Келісімшарт жасалғаннан кейін жұмыстарды бастайтын боламыз. Қоғамдық орындарда, көшелерде дәрілеу жұмыстарын жүргеміз