Алдағы күзде Парламент қабырғасында ұлтаралық қатынас, ақпараттық саясат және мемлекеттік тілге қатысты бірнеше заң жобасы қаралады.
Бұл туралы Алматыда Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және мәслихат депутаттарымен кездесуінде айтты. Басқосуда қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты пікірлер айтылды. Қос палатаның бастамасымен құрылған «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының жұмысы таныстырылды. Оның мақсаты – ел ішіндегі тұрақтылықты заңнамалық негізде қамтамасыз ету.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы оған Сенат депутаттары да кіреді, 60-тан астам депутаттардың қатысуыменен біз бірқатар ұлтаралық достықты, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта олардың нәтижесін де көретін боламыз.