Соның төртеуі пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады. Заманауи жаңа білім ошақтарының бірі Арқалық қаласында бой көтерді. 300 орынға есептелген екіқабатты мектеп бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған жеке блоктардан тұрады. Яғни оқушылардың жас санатына қарай ыңғайлы, жайлы болуы ескерілген. Жабдықталуы жағынан да ерекшелігі көп. Робототехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптар, STEM-зертханалар, кітапхана, коворкинг аймақтары, ойын алаңдары. Осының бәрі өскелең ұрпақ сапалы білім алуы үшін жоғары талғаммен жасалған.
Айта кетелік, облыста ұлттық жоба бойынша салынып жатқан осындай замануи 6 мектепте 4,5 мың бала білім алатын болады.
Ақтоты Қисықова, Арқалық қаласының №7 жалпы білім беру мектебінің директоры:
- Жаңа мектептің ашылуы біз үшін нағыз тарихи оқиға болды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері алғаш рет өңірімізде барлық талаптарға сай жабдықталған, замануи, керемет, тамаша оқу орыны салынды. Жаңа мектеп ашылуымен қаламызда оқушылар орындарының тапшылығы жойылып, шамамен 70-ке жуық жаңа жұмыс орыны ашылды.