Шарын шатқалынан Тамғалы тасқа дейінгі 1200 шақырымды қамтитын ұлттық жол жүргізіледі.
Себебі "AMANAT" партиясы тау туризмін дамытуға бағытталған «Алатау аманаты» жобасын іске қосты. Бағыт бойында 24 инфрақұрылым нысаны мен 20 елді мекен орналасқан. Туристер этноауылдар, глэмпингтер, визит-орталықтар, құтқару стансалары мен этномәдени нысандарды тамашалай алады.
Партия төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, жоба туризммен қатар ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.