Атырау облысында шегіртке қаптады

  • 180
  • 10.07.2025, 18:36

Атырау облысы Қызылқоға ауданында шегіртке қаптады. Зиянкестердің көптігінен «Қарабау-Миялы» күрежолында көлік қозғалысы қиындады. Әзірге ауылдық округтер мен оған қарасты бау-бақшалар аман.

Қазір зиянкестер зақымдаған аумақтың көлемі анықталып жатыр. Ерте көктемде облыс бойынша 128 мың гектар алқапта шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген болатын. Бірақ шілде айы басталысымен зиянкестер қайта бас көтерді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аталған ауданда шегірткемен күресті қайта қолға алды.

Азат Қапанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: 

- Қосымша Қызылқоға ауданында 15 мың гектарға жергілікті бюджет есебінен 68 млн-нан астам қаражат қаралып жатыр. Атырау облысы бойынша фитосанитарлық болжамдар әдістемелік орталығы қазір сол ұшып жатқан шегірткелердің бағытын қарап, қоныстарын анықтайтын болады.