Қостанай облысында 850-ден астам ветеринария қызметкері бар. Олардың орташа жасы 40-45 аралығында. Ал ең егдесі 70-ке тақаған.
Саналы ғұмырын осы салаға арнаған мал дәрігерлерінің бірі Жұмабек Әбдірахманов. Еңбек өтілі 40 жылдан асқан тәжірибелі маман әлі күнге жануарларды емдеумен айналысады.
Соңғы жылдары ветеринария саласында ауқымды істер атқарылып жатыр. Былтыр шілденің 10-ы Ветеринариялық қызметкерлер күні деп жарияланды. Бұл күн мамандықтың маңыздылығын тағы бір айқындап тұрғандай. «Мал дәрігері болу кездейсоқ адамның қолынан келмейді. Ол үшін мамандыққа адалдық қажет», - дейді сала ардагері Жұмабек Әбдірахмаов.
Жұмабек Әбдірахманов, ветеринарлық дәрігер:
- Ауылда өстім, кішкентай кезімнен малмен айналысып жүрмін. Өзім мал көп ұстадым. Солай малға жақын болдым. Өте қызықты жұмыс. Жан-жақты білу керек. Терапияны, хиругрияны білу керек.
Бұл мамандыққа жастардың да қызығушылылығы артып келеді. Ветеринарлық-фельдшер Ержан Молдыбаев бірге жұмыс істейтін ардагер ұстазынан көп нәрсені үйренгенін айтады.
Ержан Молдыбаев, ветеринарлық фельдшер:
- Жұмабек Байбосыұлымен 4-5 жыл бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ол өз мамандығын жақсы біледі. Қасында жүрген соң ол кісі бізге бәрін үйретеді. Осы кісі бәрімізге бір жағынан әке, мұғалім де болып шығады.
Соңғы жылдары елімізде ветеринария саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аурулардың мониторингі, алдын алу жүйесі жақсартылды, зертханалық база кеңейтілді. «Жануарлардың аурушаңдығы 49 процентке төмендеуі сол жұмыстардың жемісі», - дейді жауаптылар.
Төлеген Иманбаев, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Бізде 850-ден артық әріптесіміз жұмыс істеп жатыр. Қазір орташа жас 45-ке келеді. Жастар да келіп жатыр. Әрбір мекемеде ветеринарлық станцияда бізде 3-4 адам істейді. Жалпы аудан бойынша 36-60-қа дейін істейтін мамандар бар.
Ветеринария қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселесінде де оң өзгеріс бар. Былтыр өңірдегі мал дәрігерлеріне 20 автокөлік берілді. Ал биыл 34 елді мекенде замануи ветеринарлық станция салынады.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров