Он жасар баланы иттен құтқарған азамат марапатталды

  • 265
  • 10.07.2025, 18:59

10 күн бұрын Алматы облысының Жалпақсай ауылында ауладан шығып кеткен үш ит стадионда ойнап жүрген балаға шабуылдаған. Оқиға кезінде сол маңнан табылған Серікбек Сақайбеков баланы құтқару үшін жедел әрекет етіп, қолындағы бәкісімен 2 итті өлтірген.

Алматы облысының Қарасай аудандық әкімдігі 10 жастағы Максим Головочевті иттен арашалап алған Серікбек Сақайбековке алғыс хат табыстады. Ал жергілікті кәсіпкерлер қаржылай сый-сияпат жасады. Аудандық ардагерлер кеңесі мен еріктілер тобы да ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, ит талаған бала ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Серікбек Сақайбеков, Жалпақсай ауылының тұрғыны:

- Анандайды көргенде кез келген азамат барады деп ойлаймын. Ештеңе ойымда болған жоқ. Тек ол баланы екі иттің аузынан аман алып қалу керек болды. Ол иттер оңайшылықпен берілмес еді. Бірақ енді ойымда тек баланы құтқару болды.