Astana Hub базасында ашылатын бұл орталық жасанды интеллект бағытында оқыту, маман даярлау, стартаптарды қолдау және мемлекеттік реттеу қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында жылына 10 мыңға дейін оқушы білім алады. 18-45 жас аралығындағы саланы меңгеруге ниетті кез келген азамат тегін оқытылып, жыл сайын нарыққа 100 маман шығарылады. Сонымен қатар ірі халықаралық компаниялар мен әлеуеті жоғары стартаптар да осы экожүйеде жұмыс істейді.
Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, аталмыш жоба 2029 жылға дейін отандық жасанды интеллект өнімдерінің экспортын 5 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік береді.
Данабек Қалиаждаров, Astana Hub директорының бас кеңесшісі:
- Жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан орталықтармен келісім жүргізіп жатырмыз. 7-ші қабатта сондай компанияларды көргіміз келеді. Соның бірі Google дедік. Berkeley, Harvard университеті, Stanford университеті. Орталық Азиялық стартаптарды да, Орталық Азиялық оқушыларды да біз қабылдауға дайынбыз. Регионалдық орта болса деген ойымыз да бар.