Маңғыстауда жерге мұнай төккен компанияға тексеріс басталды

  • 236
  • 11.07.2025, 18:35

Маңғыстауда жерге мұнай төккен компанияға қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды.

Еске сала кетейік, Боранқұл ауылы маңында қара түстес сұйықтық төгілгені жайлы бейнежазба жуырда ғаламторға тарады. Экология департаментінің мәліметінше, сол аумақта орналасқан мекеме мұнай қалдықтарын ремедиациялау және биологиялық жолмен өңдеумен айналысады. Жеке серіктестік 2021 жылы тиісті сараптамадан өтіп, экологтардан рұқсат алған. «Жоба бойынша қазылған жерге алдымен технологиялық материал, содан кейін өзінің топырағы төселуі керек», - дейді мамандар. Бүгінде олар Бейнеу ауданына барып, мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Армат Жүсіпқалиев, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Бұл жерде топырақтың ластануы мүмкін. Әрине, шыны керек, өндіріс болғаннан кейін болуы да мүмкін. Оны ертең жоспардан тыс тексеру кезінде анықтайтын боламыз. Анықталған жағдайда әрине, өзіміздің тарапымыздан Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес өзінің баптарымен айыппұл төлейтін болады.