6 ай бұрын әлеуметтік желіде тараған жазбадан кейін Медеу аудандық прокуратурасы балалар үйіне толық тексеру жүргізген.
«Дамуы кешеуілдеген, ауытқуы бар 7 балаға басқа диагноз қойылған деген ақпарат жалған», - дейді прокурорлар. Ол үшін арнайы сараптама жасалған. Жетімдердің баспанасын заңсыз сатып жіберді деген ақпарат та расталмаған. Дегенмен прокурордың мәліметінше, бірнеше заңбұзушылық анықталған. Нақтырақ айтқанда, санитарлық талап сақталмаған. Бухгалтер қаражатты мақсатсыз жұмсаған.
Ермек Базарбаев, Медеу аудандық прокурорының орынбасары:
- Басқа заңбұзушылықтар орын алған. Мынау санитарлық эпидемиология жағынан, сонымен қатар «мертвая душа» дейді ғой, ол да бар фактілер. Ол бойынша бухгалтер жауапкершілікке тартылды. Ол мына бюджеттен ақшаны басқа жерге жаратқаны бойынша сол ақшаны орнына қойды.