Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты олардың жеке істерін қарап, жазадан босату туралы шешім шығарды. Сот отырысында тараптардың дәлелдері тыңдалып, барлық құжаттар зерделенген.
Конституцияның 30 жылдығына орай 662 адамға рақымшылық жарияланған. Сондай-ақ бас бостандығы шектелген 3,5 мың сотталушы босатылады. Бұл тізімге терроризм, экстремизм, азаптау және жемқорлық баптары бойынша сотталғандар қосылмайды.