Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

  • 56
  • 14.07.2025, 18:30

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жобаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 1900-ден астам адам тартылып, 80 млн теңгеден астам қаржы салынған. Салым көлемі 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін болған. Алайда оларға ресми құжат немесе келісімшарт берілмеген. Жаңа адам тартқан жағдайда 10% кіріс уәде етілген. Күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Ұйымдастырушылар өздерін YouTube, whatsapp және telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасуда.