Енді gov.kz порталынан өмірлік сұрақтарға жауап алуға болады. Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының басын біріктірген аталған сайтқа «ипотеканы қалай рәсімдеуге болады?», «жеке куәлігімді қалай жаңартамын?» деген секілді бас-аяғы 167 сұрақтың жауабы жүктелген.
Порталда ақпарат ғана емес, қажетті сілтемелер де бар. Бұдан бөлек Цифрлық даму министрлігінің өкілдері: «Аталған сайттың дизайнын жаңартып, келешекте мүмкіндігі шектеулі жандарға да барынша ыңғайлы етіп жасаймыз», - дейді. eGov.kz сайты да жетілдірілмек.
Ростислав Коняшкин, ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі:
- Егер қазір eGov mobile сайтында қандай да бір анықтаманы алу үшін бірнеше парақшаға өтіп, батырманы 5-6 рет басу керек болса, болашақта 1-2 батырмамен-ақ қажетті құжатыңызды ала аласыз. Бүгінде 11 млн қазақстандық eGov mobile қосымшасын қолданады. Сондықтан біз бұл жүйені де одан әрі жетілдіреміз.