Олжас Бектенов Phygital International компаниясының басшысы Рене Фазелмен кездесті. Тараптар 2026 жылы Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу жөніндегі мәселені талқылады.
Жоғары технологиялық іс-шара жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек.
Мамандардың дерегінше, бүгінде 1,5 млн-нан астам қазақстандық киберспортпен айналысады.